28.01.2020, 11:50
Қараулар: 64
Еріктілер жылына дайындық пысықталды

Еріктілер жылына дайындық пысықталды

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшылығы Еріктілер жылына дайындықты пысықтады.


Аудан бойынша Еріктілер жылын өткізуде 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталған. Еріктілікті дамытудың 7 бағыты қарастырылған. Осы орайда инфрақұрылымды дамыту шаралары жоспарланған.

— «Сабақтастық» жобасы аясында еріктілер балалар үйі тәрбиеленушілерін қамқорлыққа ала алады. «Саулық» бағыты бойынша медициналық еріктілік дамиды, олар ауырған адамдарға жәрдем береді. «Таза әлем» жобасы қоршағаны ортаны қорғауға бағытталған. «Асыл мұра» бағыты еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмысын атқарады. «Қамқор» бастамасы – еріктілердің қарттар үйіндегі жұмысы.

«Білім» жобасы ауыл мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау жұмысына, ағылшын тілін үйретіп, компьютер бойынша сауатты жетілдіруге көмектессе, «Үміт» жобасы бойынша еріктілер Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы аясында отандастарымыздың ерлігін баяндайтын құжаттарды іздестірумен айналысады, — дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Алма Төлепқалиева.

Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Алма Төлепқалиева, аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Амангүл Намазова т.б. өзіндік ойларын ортаға салды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ,

Суреттерді түсірген Сәлім МӘМБЕТӘЛИЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар