31.01.2020, 10:10
Қараулар: 101
«Достық-Дружба» ансамблі Оралда ән кешін өткізді

«Достық-Дружба» ансамблі Оралда ән кешін өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай аудандық халықтық «Достық-Дружба» ансамблі Орал қаласындағы «Достық» үйінде шығармашылық концертін берді.


2012 жылы құрылып, былтыр халықтық атағын алған ансамбль  «Өз елім», «Землянка», «Көзімнің қарасы» және тағы да басқа ауданды мекендеген әр ұлттың әндерін орындап, зал толы көрерменнің қошеметіне бөленді.

Тамаша концерт соңында аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков:

-Ауданымыз қашанда өзінің өнерпаздарымен мақтана алады. Құрылғанына көп болмаса да, халықтар достығын өнер арқылы дәріптеп жүрген ансабліміз – өз көрерменін тапқан ұжым. «Ел бірлігінің кепілі саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі жылына тартуымыз болсын» деп әр ұлттың ән өнерін бір арнаға тоғыстырған «Достық-Дружба» ансамблінің кешін ұсынып отырмыз. Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын ,-деген ақ тілегін білдірді.

Өнер ұжымының кешін тамашалауға арнайы келген Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ансамбль мүшелеріне ел алғысын жеткізіп, аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековке алғыс хат пен ықылас гүлін тарту етті.

Түгелбай БИСЕН

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқуға болады Инстаграм Фейсбук

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар