3.12.2015, 12:23
Қараулар: 216
ДОДАДА ДЕС БЕРМЕГЕН ДОРОНИНА

ДОДАДА ДЕС БЕРМЕГЕН ДОРОНИНА

   Макаров мектебінің 11-сынып оқушылары Данил Петрушкевич пен Галина Доронина «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» атты қашықтықтан өткен республикалық олимпиадаға қатысып, нәтижесінде Галина Доронина  ІІІ орын алды.

Макаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүлдегерді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Нұрхат Жанбозбен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Нұржан Дүзбатыров арнайы құттықтап қайтты.

Құттықтау рәсімінде сөз алған мектеп директоры Татьяна Сәрсенғалиева жиынның мән-жайына тоқталды.

— Бұл білім додасына оқушыларымыз белсене қатысты. Сұрақтарына өздері ізденіп, білімдерін көрсете білді. Болашақта жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жоғары, орта сыныптар және  ата-аналармен  біріге жандандырыуымыз қажет. Себебі, сыбайлас жемқорлықпен күресу отбасынан, білім ошағынан басталады, — деді өз сөзінде.

— Бүгінде  сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің күрделі мәселесі. Сыбайлас жемқорлық- елімізге, азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін құбылыс. Сондықтан да оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз жұмылатын іс. Ол үшін, алдымен сендер секілді ел ертеңінен бастауымыз қажет. Жасампаз еліміздің болашағы сіздер,- деген Нұрхат Мүтиғоллаұлы мектеп ұжымына ақжарма тілегін жеткізді.

Сонымен бірге  Галинаны марапттап, ұялы телефон табыстаса,  Данил Петрушкевичке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен атынан алғыс хат берді.

Макаров Нұр отан

www.auyltynysy.kz

Динара Насыр


 

1