24.01.2020, 11:31
Қараулар: 120
Бәйтерек ауданында – облыс әкімінің орынбасары

Бәйтерек ауданында – облыс әкімінің орынбасары

Өткен аптада Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова халықты әлеуметтік қамту шараларына 2020 жылдан енгізілген өзгерістер мен талаптарды талқылауға арналған жиынға қатысты.


Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің төрағалығымен өткен басқосудың күн тәртібінде 2020 жылы тағайындалатын мемлекеттік атаулы көмек туралы және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік жиынтық туралы мәселелер қаралды.

Жиында халық арасында әлеуметтік қамту шаралары бойынша дұрыс ақпараттық-түсінік жұмысын жүргізу, атаулы әлеуметтік көмекті талапқа сай рәсімдеу, тұрғындарға отбасы табысын жасырған жағдайда және ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы көмектің отбасы мүшелеріне толықтай тоқтатылатындығын және ол отбасы атаулы көмек тоқтатылған соң 6 айдан кейін ғана қайта рәсімдей алатынын түсіндіру мәселесі сөз болды.

Атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу барысында тұрғындардан жеке басының куәлігінен басқа ешқандай қосымша құжат талап етілмейді. Отбасыға қатысты қосымша мәлімет ақпараттық базадан алынады. Егер базада мәлімет болмаған жағдайда жергілікті әкімдік мамандары өздері сұрату жіберуге міндетті. Үй жағдайын тексеру актісі нақты толтырылуы шарт. Егер отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант немесе жеңілдетілген несие алса өндірген өнімі 6 айдан кейін ғана отбасы табысына есептеледі. Заңды ажырасқан, бірақ бір отбасында бірге тұратын ерлі-зайыптылардың табыстары толақтай отбасы табысы ретінде саналады.

Жиында көптеген мәселелер кеңінен талқыланды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар