25.11.2020, 15:15
Қараулар: 115
Бәйтерек аудандық орталық ауруханасы 1 желтоқсанға дейін карантинге жабылады

Бәйтерек аудандық орталық ауруханасы 1 желтоқсанға дейін карантинге жабылады

Бұл туралы «ADAL KOMEK» жобасы аясындағы тікелей эфирге шыққан аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Майра Жанғалиева мәлімдеді.

Эфир барысында пандемия жағдайындағы ахуалды баян еткен Майра Сағидуллақызының сөзінше осы кезге дейін ауданда коронавирус инфекциясын 264 адам жұқтырып, оның 225-і емделіп шыққан.

-Бүгінде аты жаман ауруды жұқтырғандар саны 39 адамды құрап отыр. Олардың бесеуі — 14 жасқа дейінгі бала. 14 адам инфекциялық стационарда болса, қалған симптомсыз пациенттер уақытша оқшауланды. Індет жұқтырғандармен қатынаста болған 275 адамды анықтадық,-деді М.Жанғалиева.

Дәрігердің сөзінше, 1-желтоқсанға дейін ауруханада жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтатылған. Қазіргі таңда емдеу мекемесінде арнайы екі фильтр 24 сағат бойы жұмыс жасауда. Денсаулығы сыр берген адамдар сол жерге жолығады. Немесе үйіне арнайы мобильді бригаданы шақырса болады. Төрт мобильді бригада 8:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс жасайды екен. Бірінші желтоқсаннан кейін ауруханада жоспарлы емдеуге жатқызу қайта басталып, оңалту, неврология, кардиология бөлімдері жұмысын жандандырмақ.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар