30.11.2020, 10:03
Қараулар: 59
Бюджет орынды жұмсалуда

Бюджет орынды жұмсалуда

Бәйтерек ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы тікелей эфир арқылы аудан тұрғындарымен пікірлесті . «Ашық бюджет интерактивті картасы» жобасы аясында өткен лайв басқосуда Ерлан Туксумбаев өзі басқарып отырған бөлімнің атқарған жұмыстар легін баяндады.

Ерлан Өмірзақұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатырған жаңа жобасы ауданымыздың мемлекеттік органдарының бюджетін бақылауға мүміндік береді екен. Осылайша ҚР-ның кез-келген азаматы еліміздегі мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын қалай жұмсалатынын үйден шықпай-ақ көре алады.

-Ауданымызда бюджеттен қаржыланатын 98 мемлекеттік мекеме тіркелген болса, оның ішінде 3-сі бюджеттік әкімшілікпен қаржыланады. 2020 жылы 1 қарашада аудан бюджеті 5 рет нақтыланып, түзетілген бюджет 18,7 млд-ты құрады,-дейді Е.Туксумбаев.

Нақтыланған бюджет аудан ішілік күрделі және орташа жол құрылысына, құбырларды жөндеу жұмыстарына, Камен мектебін күрделі жөндеуге және басқа да бағдарламаларға бөлінген.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар