3.02.2020, 11:28
Қараулар: 99
«Ақшақар» туристтік жарысы өтті (Фото)

«Ақшақар» туристтік жарысы өтті (Фото)

Переметный ауылында шаңғымен спорттық бағдарлаудан дәстүрлі «Ақшақар» жарысы өтті. Аудандық жас туристер стансасының туризм бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Мухиннің ұйымдастыруымен біраз жылдан бері үзбей өтіп келе жатқан жарысқа аудан мектептерінен келген 8 команда қатысты.


Туризм соның ішінде шаңғымен бағдарлау спортын кеңінен насихаттап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын жарыс барысында қатысушылар чащоба яғни қалың шөп басқан аймақты еңсеру, жұқа мұз  жұқа мұз басқан өзеннен шаңғымен өту техникасы, жарақат алған жанды жоғары көтеру, белгіленген шеңберге тоқтау әдісімен жоғарыдан түсу және шырша әдісімен биікке көтерілу сияқты бес кезеңден сынға түсті.

Қызықты сыйыстар қорытындысында жүлделі үшінші орын Новень мектебінің «Азбука туризма» командасына, екінші орын Ульян мектебінің «Титан» командасына бұйырса, жарыс жеңімпазы атағы Белес мектебінің «Жас қыран» ұжымының қажығасында кетті.

Енді белестік оқушылар аудан намысын облыстық жарыстарда қорғайтын болады.

-Жыл сайын бұл жарысқа келген қатысушылардың саны артып, деңгейі өскенін байқауға болады. Туризмге қызығатын спортшылар саны да артып келеді. Болашақта бұл саланы дамыта түсуге күш салатын боламыз,-дейді жарыс ұйымдастырушысы Дмитрий Мухин

Түгелбай БИСЕН

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқуға болады Инстаграм Фейсбук

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар