3.02.2020, 16:01
Қараулар: 94
 «Ауырту әдісінің патшасы» атты самбошылар жарысы өтті

 «Ауырту әдісінің патшасы» атты самбошылар жарысы өтті

Аудан орталығында самбо күресінен 2008-2009, 2010-2012 жылдары туған балалар арасында «Ауырту әдісінің патшасы» атты самбо күресінен ауданның ашық чемпионаты өтті. Жарысқа аудан ауылдары мен Тасқала ауданынан келген 8 команда қатысты.



 

 

Жас палуандар жарысының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, «бабы мен бағы келіскен нағыз мықтылар жеңіске жетсін», деген тілегін білдірді.

Тартысқа толы болған жарыс көрермен делебесін қоздырды. Бозкілемге шыққан бозбалалар да қиқулай қолдаған жанкүйердің шуынан күш алса керек, бар өнерлерін көрсетті. Қорытындысында 2010-2012 жылдары туған палуандар арасындағы ең жеңіл 21 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде  тасқалалық Санжар Сегізбаев қарсылас шыдатпаса, 26 келіде тағы бір тасқалалық палуан Диас Дамир жеңіске жетті. Тасқала ауданының палуандары 29 және 32 келіде де қарсылас шақ келтірмеді. 29 келіде Мәди Дәлетжан үздік шықса, 32 келі тартатын самбошылар арасында Мырзабек Есмұрза бірінші орынға ие болды. Ал 35 келілік самбошылар сынында Щапов ауылынан келген Мирас Батуллин, 35 келіден жоғары самбошылар сынында трекиндік Диар Мақсатқа тең келер палуан табылмады.


2008-2009 жылдары туған самбошылар 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Қорытындысына келер босақ 26 келіде Тасқала ауданының намысын қорғаған Дастан Құбай, 29 келіде трекиндік Ерасыл Ермағанбет, 32 келіде тағы бір тасқалалық палуан Арыстанбек Қуандық жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, 35 келіде де Тасқалдан келген Ескендір Ұлдановқа тең келер самбошы табылмады.

38 келіде переметныйлық Данияр Серіков жеңіске жетсе, 42 келіде тағы бір Переметный ауылының самбошысы Бақыт Оңдасынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал ауыр салмақ саналатын 46 келі салмақ дәрежесінде Щапов ауылынан келген Исмайл Самиев жеңімпаз атанса, 46 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі самбошылар сынында Трекин ауылының намысын қорғаған Бекзат Серікұлы жеңімпаз атанды.

Жарыс барысында үздік өнер көрсеткен тасқалалық Нұрлан Тұрымбаев «Жеңіске деген жігері үшін» , трекиндік Саят Мұрат «Үздік техникасы үшін», Рубежин ауылынан келген Бекнұр Ғұсман «Ең жас спортшы» аталымдарын иеленсе, «Ауырту әдісінің патшасы кубогі» Тасқала ауданының палуаны Арыстанбек Қуандыққа бұйырды.

Жалпыкомандалық есепке келер болсақ, ІІІ орын Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасына, ІІ орын Тасқала ауданының командасына, І орын Трекин ауылының самбошыларына бұйырды.

 

Түгелбай БИСЕН

 

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқуға болады Инстаграм Фейсбук

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар