3.02.2020, 17:06
Қараулар: 143
Аудан бишілері олжалы оралды

Аудан бишілері олжалы оралды

Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы Қазақ Драма театрында «Бұраң бел» атты облыстық бишілер конкурсы өтті.


 


J-ART өнер академиясы ұйымдастырған сайысқа өңіріміздің аудандары мен Орал қаласынан келген 38 би ұжымы қатысты. 3 пен 18 жас аралығындағы бишілердің басы қосылған өнер додасына аудан атынан барған Назгүл Жанғали жетекшілік ететін «Інкәр» би ансамблі тамаша нәтеже көрсетті.

Алдымен 3-5 жас аралығындағы бишілер арасында өнер көрсеткен «Інкәр» би ұжымының кіші тобы екіші орын иеленді. Көп ұзамай сахна төріне шыққан 14-18 жас аралығындағы бишілер жарысында бақ сынаған бәйтеректік ұжым бишілері екінші нәтижені қайталады.

-Би конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Кіші топтағы шәкірттерім «Baila Baila» биін билесе, үлкендер тобы «Случай в школе» би қойылымын ұсынды. Нәтижесі көңіл қуантады. Өнердің соның ішінде би өнерінің дамуына үлкен серпіліс беретін осындай конкурстар көп болса екен деген тілегіміз бар,-дейді «Інкәр» би ансаблінің жетекшісі Назгүл Жанғали.

Айта кететін тағы бір жайын Назгүл Жанғали өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеп, талантты жастардың өнер әлеміне қанат қағуына көрсеткен қолдауы үшін конкурс ұйымдастырушысы «J-ART» өнер академиясының басшысы Жасқайрат Валиулиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Түгелбай БИСЕН

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқуға болады Инстаграм Фейсбук

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар