16.11.2020, 18:23
Қараулар: 117
«Асфа» ЖШС 50 дана газетке жазылды

«Асфа» ЖШС 50 дана газетке жазылды

2021 жылдың бірінші жартыжылдығына «Ауыл тынысы»газетіне жазылу жалғасуда. Жазылым редакция ұсынған барлық форматтарда өтуде. Бірі «Қазпошта» бөлімшелері арқылы, бірі облыс орталығындағы «Информбиржа» дүнгіршегі арқылы жазылса, енді біреулері газет редакциясына келуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан газетіне тек жеке тұлғалар ғана емес ұжымдар да жазыла бастады. Алғашқылардың бірі болып, Иван Иванович Енютин басқаратын «Асфа» ЖШС газеттің 50 данасын жаздырды. Бұған дейін 20 дана жазыдырып келген еңбек ұжымы аудан үнапарағының 80 жылдығына орай бірден 30 дана қосып, газетке үлкен қолдау көрсетті.

Көп жылдар бойы «Ауыл тынысы» газетін үзбей жаздырып келе жатқан «Асфа» ұжымы басылымға деген қолдауын көрсете бермек ниетте.

Николай БЕРЕНДЯЕВ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар