10.12.2020, 15:14
Қараулар: 49
Алманың жазбасы үздіктер қатарында

Алманың жазбасы үздіктер қатарында

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру аясында «Ақжайық-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат!» тақырыбында әлеуметтік желілердегі үздік жариялымдар байқауын оздырған болатын.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған байқау Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қолдауымен өтті.

Жуырда Aqjaiyq Adaldyq Alany жобалық кеңсесі конкурстық комиссияның отырысында байқаудың жеңімпаздар анықталды.

Қорытындысында Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Алма Төлепқалиеваның жазбасы үшінші III орынға лайық деп танылды.

Оған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін департамент басшысы Р.Ақмырзаев пен БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумовтың алғыс хаттары табыс етілді.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек аудан

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар